Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
13 Feb 2024

Ғылыми конференция


2023 жылдың 26 қазанында Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, академик Еренғайып Омаров өзінің 75 жылдық мерейтойына байланысты ғылыми конференцияға отырартанушы Бекжан Бейсенбай ағамызды арнайы шақырып, баяндама жасатқан болатын.

Әлемнің көптеген елдерінен келген академик, докторлардың қатысуымен өткен бұл конференцияның материалдары жинақталып, журнал болып шықты. Оның ішіне Бекжан ағамыздың да баяндамасы енген екен. Сонымен қатар Еренғайып Омаров Бекжан ағамыз сыйлаған, суретші Әділхан Мәліктің "Отырар кітапханасы" атты суретін де енгізіпті.

Халыққа рухани байлық сыйлап жүрген Бекжан, Әділхан ағаларымызға алғыс білдіре отырып, аталмыш журналды көпшілік назарына ұсынып отырмыз!