Қысқа ғұмырында құнды әдеби мұра қалдырған көрнекті жазушы, ақын, аудармашы, әдеби сыншы, публицист Саттар Ерубаевтың туғанына биыл 110 жыл толып отыр. Осыған орай өмірі мен әдеби мұрасын насихаттау, дәріптеу мақсатында Д.Құрманбеков атындағы колледж студенттері арасында «Жаратылысы бөлек тұлға» атты әдеби кеш болып өтті.
Шара ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетуден басталып, студент жастардың С.Ерубаев туралы естеліктер мен өлең-жырларын оқуымен жалғасты.
Сонымен қатар, адамдар арасындағы достық, махаббат, сатқындық, қатыгездік, адамгершілік қасиеттерді бүкпесіз баяндаған «Менің құрдастарым» романы кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, артына салмақты да құнды әдеби мұра қалдырған Саттар Ерубаев өмірі жастар үшін үлгі-өнеге болу керектігі айтылды
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.