Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
15 Nov 2023

Жазмыштың жазуымен жанарынан айырылған адамдар аз емес

Жазмыштың жазуымен жанарынан айырылған адамдар аз емес. Тағдыр тауқыметін тартқан олардың тірлігі қиындыққа толы. Дегенмен денсаулығым жарамайды деп, қол қусырып, қарап отырмайды. 

13 қараша-Халықаралық зағиптар күні. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Осы күнге орай кітапханада  «Мейірімді жүрек-мейірімді қоғам» атты кездесу кеші өтті. Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты-тағдырлас жандардың басын қосып, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру, асыл сөздің мәнін білетін жандарға осындай шараларды ұйымдастыру арқылы қуаныш сыйлау. 

 Шараға «Қазақ Соқырлар Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің  Түркістан облыстық филиалының төрайымының орынбасары  Әжімұратов Нұрлыхан, аудандық  «Қазақ Соқырлар Қоғамы» қоғамдық бірлестігі Отырар аудандық бастауыш ұйымының төрағасы Ахаев Пернехан, «Халыққа әлеуметтік үйден қызмет көрсету» мекемесінің маманы Өмірбекова Ұлмира қатысып, қоғамда рухы биік осындай жандарға жасалып жатқан қолдаулар мен мүмкіндіктер жайлы, олардың тыныс – тіршілігі туралы айтып өтті.

Бүгінгі кеште кітап оқуды,әдебиет пен өнерді,жыр жазу, өлең оқу сияқты өнерді өздеріне медет тұтқан жандар Садыкова Гүлзира, Оңалбек Әмірәлі, Сералиев Ерлан өз өлеңдерін оқыса, Әліпбеков Абдулла өзінің массаж жасау кәсібі туралы айтып өтті. Мәдениет сарайының әншісі Бектасынов Пернебек ән –жырдан шашу шашып, кештің әрін келтірді. Кеш соңында оқырмандарымыз кітапхана директорының алғыс хатымен марапатталды.