Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
18 Feb 2026

📚Кітап – адамзаттың рухани байлығы, білім мен тәрбиенің алтын қазығы. Ғасырлар бойы жинақталған асыл мұраларымыз кітап арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келедi

📚Кітап – адамзаттың рухани байлығы, білім мен тәрбиенің алтын қазығы. Ғасырлар бойы жинақталған асыл мұраларымыз кітап арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.

📚Бүгін Отырар кітапханасының қызметкерлері ұлттық рухани мұраны насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында №1 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына «Әдебиет пен тарих үндескен кітап әлемі», «Ұлы даланың тұғырлы тұлғалары» тақырыптарында кең көлемдегі кітап көрмесін ұсынды.

📚Көрмеге республикалық «Бір ел-бір кітап» , облыстық Түркістанның таңдаулы туындысы» акциялары аясында таңдалған қаламгерлердің шығармалары және өлкелік мерейгерлер мен атаулы күндерге арналған әдебиеттер қойылды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды осы рухани қазынамен жақынырақ танысып, кітап әлеміне саяхат жасауға шақырды.

📚Бұл көрмеде ұсынылған әрбір кітап – терең ойдың, тағылымды тарихтың, өмірлік тәжірибенің айнасы.

📚Кітаппен дос болайық, кітап оқиық, білімді ұрпақ тәрбиелейік!