Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Feb 2026

 «ӨНЕГЕЛІ ӨМІР – ӨШПЕС МҰРА»

📚Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен және аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, ұлт мәдениетін жаңғыртушы Өзбекәлі Жәнібектің туғанына 95 жыл толуына орай аудандық деңгейде тағылымды байқау болып өтті.

📚Байқаудың басты мақсаты – Отырар топырағынан шыққан біртуар тұлғаның өмір жолы мен ел мәдениетіне қосқан өлшеусіз еңбегін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

📚Байқауды аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов алғы сөзбен ашып, Өзбекәлі Жәнібектің халқымыздың рухани жаңғыруына өлшеусіз қосқан үлесі мен ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеуіне жол ашқан дара тұлға екендігін айта келе, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

📚Байқауға әр ауыл округінен кітапхана оқырмандары белсене қатысып, Өзбекәлі Жәнібектің өмірі мен еңбек жолын, артында қалған мол мұрасын кеңінен дәріптеп, дара тұлғаның елдік мүдде жолындағы еңбегін, тарихи-мәдени мұраларды жаңғыртудағы рөлін жан-жақты ашып көрсете білді.

📚Байқауға ҚР Білім беру ісінің Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Түркістан қаласы әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Дана Байдәулетова және №1 білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі, тарих магистрі Айгүл Әбдешбек қазылық жасады.

📚Әділқазылар алқасы үміткерлердің байқау шартына сай көрсеткен жұмыстарының мазмұнына, шығармашылық ізденісіне, көркемдік деңгейіне ерекше мән беріп, үздіктерді марапаттады.

Нәтижесінде:

🥉Қоғам ауыл округінен қатысқан Нұрлы Кәменова ІІІ орын;

🥈Ескі Шілік ауылынан қатысқан Сейітнұр Сәтбай ІІ орын;

🥇Отырар ауыл округінен қатысқан Еларыс Асқар І орынмен марапатталды.

🏅Ал ең үздік нәтиже көрсеткен қарғалылық оқырман Нұрила Төлебай Бас жүлдені иеленді.

Басқа қатысушылар арнайы ынталандыру сыйлықтарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

📚Тағылымы мол байқау жас ұрпақтың ұлттық тарихқа, мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, Өзбекәлі Жәнібек сынды ел перзенттерінің өнегелі өмірін үлгі етуге зор ықпал етті.