Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
15 Nov 2025

Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дулатұлы — қазақ халқының азаттығы, еркіндігі мен теңдігі үшін күрескен Алаш арыстарының бірі. Ол — «Оян, қазақ!» деп ұлт намысын оятқан, қазақ баспасөзінің негізін қалаған ұлы тұлға.

Биыл қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толып отыр. Осыған орай аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен № 20 Дәуренбек Құрманбек атындағы колледж студенттері арасында «Ұлт мақтанышы – Міржақып» атты автопортрет кеші болып өтті.

Міржақып Дулатұлының сөзі — мәңгі өшпес мұра. Оның «Қазақ халқы өнер-білімсіз өмір сүре алмайды» - деген ұлағаты бүгінгі ұрпаққа жол көрсетіп тұр. Ол халқының бостандығы жолында күресіп,1928 жылы тұтқындалып, 1935 жылы айдауда қайтыс болды. Алайда оның ерлігі мен еңбегі ұмытылмайды. Бүгінгі кешіміз — өткенге тағзым, ерлікке құрмет, рухты тұлғаларға алғыс! Міржақыптай арыстардың аманаты —Тәуелсіз Қазақстанды қорғау мен дамыту! Ер есімі — ел есінде. Ұлт рухын асқақтатқан Міржақып Дулатұлының есімі мәңгілік ел жадында сақталады!