Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
31 Oct 2025

«Ақылдыммен Ақылдымын»

 

📌Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы және балаларға арналған республикалық «Ақылдым» журналының бастамасымен, «Отырар» кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақылдыммен Ақылдымын» балаларға арналған облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңі болып өтті.

📚Балалардың шығармашылығына арналған бұл байқаудың мақсаты - баланы ақылды, ізденімпаз, ұшқыр ойлы, жан дүниесінде сезімталдықты ояту, санасына шабыт беру және өз ойларын ортаға салып оны қорғап шығу. Байқауға қатысушы балалар "Мен қандай адам боламын" /шығарма жазу/, “Баспасөзбен бірге өсіп келемін” -/қабырға газетін шығару/, “Мен оқығанды жақсы көремін” - /өзінің сүйікті шығармасын немесе өлеңін сахналау/ кезеңдері бойынша өнер көрсетті.

📚Балаларымыздың өнерін тамашалау алдында Республикалық «Ақылдым» журналы және «Қызмет» газетінің директоры Нарымбетова Бейсенкүл Жақсылыққызы мен «Аманат» партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров сахна төріне шығып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

📚«Кітап оқығанның болашағы жарқын» демекші, ел ертеңі болар жастарымыздың білімді болғаны бізді қуантады. Балалардың өнерін ата-аналары мен құрбылары келіп тамашалауы үлкен сүйсінерлік әсер қалдырды.

📚Байқауға Республикалық «Ақылдым» журналы мен «Қызмет» газетінің директоры Бейсенкүл Нарымбетова, Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының балалар бөлімінің кітапханашысы Балнұр Жетпісбай және «Отырар» кітапхана жүйесі директорының орынбасары Базаркүл Жұмаділдә қазылық жасады.

📚Байқау нәтижесінде Р.Бердібай атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Нұрлы Кәменова өз өнерін жоғары дәрежеде көрсетіп Бас жүлдені жеңіп алса, Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Бейбіт Жақсыбай І орын, Шеңгелді шағын жинақты мектептің 4 сынып оқушысы Көркем Ақжігіт ІІ орын, Дәрібаев мектебінің 7 сынып оқушысы Нұрайым Базарбай мен Ө.Жәнібеков лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Аруай Құрмантай ІІІ орындарды иеленді.

Басқа қатысушылар алғыс хат және арнайы сыйлықтармен марапатталды..

Көңілді кештің куәсі болған үлкен – кіші көрермен шынайы ықыластарын білдіріп тарқасты.