Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
31 Oct 2025

ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН📚

 

📚Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының бастамасымен, Отырар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен үздік оқырмандар арасында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқаудың іріктеу кезеңі өткізілді.

🔹Мақсаты: Қазақ халқының ұлы ағартушысы, фольклоршы, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің және 2025 жылдың мерейтой иегері, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің шығармаларын жас оқырмандар арасында дәріптеу, балалар әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу.

⚜️Байқауды «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров пен Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы директорының орынбасары Исабекова Айгүл Бақытқызы ашып, байқауға қатысушы балаларға сәттілік тіледі.

🔹«Әлемді кітап арқылы танимын» байқауына аудандық және ауылдық балалар кітапханаларының 9 үздік оқырманы қатысты.

⚜️Қатысушылардың өнерін бағалау кезінде байқаудың талаптары мен шарттарына сәйкес, оқырманның оқитын шығармаларын таңдау талғамына, әдеби-көркем құндылығы мен эстетикалық әсер ету тереңдігі, сөйлеу мәнерін, тіл тазалығын, көркемдік деңгейіне қарай бағалайтын қазылар алқасының құрамында Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы директорының орынбасары Исабекова Айгүл Бақытқызы, Отырар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Жұмаділдә Базаркүл Қыдырбайқызы және Отырар аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі - Жалғасбаев Нұрлан Мұхамбедсалыұлы төрелік етті.

🔹Төрт кезеңнен тұратын байқауда оқырмандар ережеге сәйкес «Мен және кітапхана» тақырыбында кітап оқу дәстүрін бейнекөрсетілім арқылы насихаттап, Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» кітабынан «Бала Шоқан» шығармасы желісі бойынша сахналық көрініс көрсетіп, Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жатқа айтып, зияткерлік алаңында өздерінің білімділігі мен тапқырлығын шыңдады.

Байқау қорытындысы бойынша:

🏆 БАС ЖҮЛДЕНІ: Ескі Шілік ауылдық кітапханасының оқырманы - Әзиз Нұрислам иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.

🏅I ОРЫН: Шойманов ауылдық кітапханасының оқырманы - Арыстанбек Нұрай,

🏅II ОРЫН: Ақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы - Қайрат Бақтөре,

🏅III ОРЫН: Маяқұм ауылдық кітапханасының оқырманы - Тұңғышбай Ай-Әлем мен Талапты ауылдық кітапханасының оқырманы - Ізбасқан Ақбота иеленді.

🎁Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.