Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
31 Oct 2025

«Әлемді кітап арқылы танимын»

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген болатын. Иә, балалар - еліміздің ертеңі, тірегі мен тілегі десек,

сол балалар жаңа заманға лайық білімді, саналы, тәрбиелі болулары керек. Әрине ол үшін кітап оқуымыз қажет. Кітап оқыған адам көп дүниені білері анық.

«Отырар» кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемді кітап арқылы танимын» атты аудандық байқауы болып өтті. Байқау мақсаты - қазақтың аса көрнекті педагог-ағартушысы, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің және биылғы жылдың мерейтой иегері, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі Сапарғали Бегалиннің шығармаларын жас оқырмандар арасында дәріптеу болып табылады.

Байқауға 11 мен 15 жасқа дейінгі оқырмандар отбасымен қатысты.

Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды насихаттауды көздейтін шараның шымылдығын «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров пен Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы директорының орынбасары Исабекова Айгүл Бақытқызын алғы сөзбен ашып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Байқауға Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы директорының орынбасары – Исабекова Айгүл Бақытқызы, Отырар аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесі директорының орынбасары Жұмаділдә Базаркүл Қыдырбайқызы және Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі - Жалғасбаев Нұрлан Мұхамбедсалыұлы сарапшылық жасады.

Үміткерлер байқау шартына сай «Менің отбасым және кітапхана» (бейнеролик), «Шығармашыл балалар» (оқырмандар отбасымен бірге Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасының желісі бойынша көрініс), «Кел, балалар, оқылық!» (Ы.Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқу) атты үш кезең бойынша бақ сынасты.

Сонымен сарапшылардың шешімі бойынша Бас жүлдені Ескі Шілік ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрислам Әзиз олжаласа, Шойманов ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрай Арыстанбек І орын, Ақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Бақтөре Қайрат ІІ орын, Маяқұм ауылдық кітапханасының оқырманы Ай-Әлем Тұңғышбай мен Талапты ауылдық кітапханасының оқырманы Ақбота Ізбасқан ІІІ орын иеленді. Басқа қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаздарға марапаттарыңыз құтты болсын, кітаппен дос өрендеріміздің жолдары ашық болсын деген тілек білдіреміз!