Аудандық мәдениет сарайында Кітапханашылар күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов пен «Аманат» партиясының хатшысы Е.Таңатаров сахна төріне шақырылып, руханият пен мәдениетке адал қызмет етіп жүрген кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттарды табыстады. Сондай-ақ, шараға арнайы шақырылған зейнеткер ұстаздар - аудандық «Шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қ.Байжұман, аудандық Әжелер алқасының төрайымы М.Тұрлыбекова, «Бибі аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Белгібай құттықтау сөз сөйлеп, кітапхананың қоғамдағы орны мен маңызы, кітапханашылардың өлшеусіз еңбегі туралы айта келе, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар Отырар мемлекеттік археологиялық музей қорығы директорының орынбасары Е. Шохаев кітапхана директоры Р.Пернебаеваға мекеме басшысының құттықтау хатын тапсырды. Зейнеткер-кітапханашыларымыз да айтулы мерекемен құттықтап, игі тілектерін жолдады.
Аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары әсем әндер орындаса, кітапхананың жас мамандары «Кітапханашы күнделігі» атты әдеби композиция ұсынып, шараның шырайын аша түсті.
Барша әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.