Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
03 Oct 2025

«Белсенді өмір, жүз жастағы ғұмыр»

 

📌Кітапхананы дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес Темір ауылдық кітапханасында «Белсенді өмір, жүз жастағы ғұмыр» атты аймақтық семинар болып өтті. Кітапханашылардың спорт тақырыбындағы флешмобынан бастау алған шара аясында «Спорт саңлақтары – елдің айбары» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, қатысушылар назарына ұсынылды. Көрмеде өлкемізден шыққан спортшылардың жеткен жетістіктері мен жергілікті қаламгерлердің тақырып аясындағы шығармаларын кітапхана қызметкері А.Маханова жан-жақты таныстырды.

📚Семинар барысында Қазақстанның және әлемнің мақтанышына айналған, спорттағы зор жетістіктерімен ел мерейін үстем еткен әлем чемпионы, Темір ауылының тумасы Айтбек Жанерке және бапкері Ибадулла Мырзабаймен сұхбат жүргізілді. Жанерке спортқа келуі, жеңістерге жету жолындағы тынымсыз еңбегі, спорттағы қызықты сәттерімен бөлісті. Қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, чемпионмен еркін әңгіме өрбітті.

📚Шара аясында «Кітап пен спорт – егіз құндылық» тақырыбында кітапханашылар арасында шығармашылық пен тапқырлықты талап ететін кәсіби сайыс ұйымдастырылды. Қатысушылар түрлі тапсырмалар бойынша білімдері мен өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл сайыс кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, өзара тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.

📚Аймақтық семинар қатысушылар үшін тың ой мен жаңа серпін сыйлаған, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды шара болды.

Шара соңында кітапхана директоры Р.Пернебаева кеш қонақтары Ж.Айтбекке, бапкері М.Ибадуллаға өз алғысын білдіріп, алғыс хат тапсырды.