Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 May 2025

«Жұмысшы мамандықтар жылы»

 

Елімізде 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама еңбек адамдарының қоғамдағы маңызын арттырып, олардың еңбегіне деген құрметті күшейту мақсатында қолға алынған. Осыған орай аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір» орталығында «Туған жерді шексіз сүй» жобасы аясында еңбек ардагерлері Ш.Серікбаев, Қ.Нәлібаев, Б.Маханбет, Д.Қаппарова сынды қарияларымызбен «Әр адам өз ісімен көрікті» атты сыр-сұхбат өткізілді. Еңбек ардагерлері ауданымызды гүлдендіруге қатысты өздерінің қосқан үлесі туралы,жас ұрпаққа өнеге болатын тағлымы мол әңгімелерден сыр шертті. Шара барысында кітапханашы Д.Шерехан Ә.Қалыбекованың «Жиырма теңге» өлеңін оқып берсе, Б.Орынбай әсем әннен шашу шашты.