Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
11 Aug 2025

«Абай мұрасы – мәңгілік халық жүрегінде»

 

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Маяқұм ауылдық кітапханасында қазақ руханиятының шыңына айналған ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай мұрасы – мәңгілік халық жүрегінде» атты апталықтың жабылу салтанаты өтті. Іс-шараны Маяқұм ауыл округінің іс басқарушысы Жаңабек Рахым алғы сөзбен ашып, Абай шығармаларының маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ қонақтар мен оқырмандарға «Абай ауылы» таныстырылып , "Бала Абай мен Зере әже" сахналық қойылымы көрсетілді. Келесі кезекте көпшілік назарына арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі ұсынылып, әжелер ансамблі Абай әндерін шырқаса, жас оқырмандар өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапханашылар «Парасат» және «Ғылым» тобы болып ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған "Абай ізімен" атты әдеби квест өткізіп, оқырмандар арасында сергіту сәті ұйымдастырылды. Шара соңында аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесінің директоры Р.Пернебаева қорытынды сөз сөйлеп, қонақтар мен оқырмандарға алғысын білдіре келе, белсенді оқырмандарды марапаттады.