Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 Jun 2025

«Ән падишасы – Шәмші аға»

 

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруым Ш. Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Ән падишасы – Шәмші аға» атты ән кеші өткізілді.

Шара аясында қазақ музыкасының шоқтығы биік тұлғасы – Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы жан-жақты таныстырылды.

Кеш барысында: Шәмші Қалдаяқовтың ең танымал әндері орындалды. Әндерді Мәдениет сарайының әншілері орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Композитордың өз дауысымен орындалған бейнебаяндары көрсетілді. Бұл көріністер көрермендердің жүрегіне жол тауып, сазгердің дара болмысын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Әндерінің шығу тарихы туралы мәліметтер берілді. «Арыс жағасында», «Менің Қазақстаным», «Ақмаңдайлым», «Қайдасың» секілді әндердің қалай жазылғаны, кімге арналғаны және қандай оқиғамен байланысты екендігі айтылды.

Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен қойылымдық көрініс көрсетілді. Бұл сахналық үзінділер арқылы оның жастық шағы, шығармашылық жолы және азаматтық болмысы көрерменге кеңінен жеткізілді.

Шәмшінің әндері – халқымыздың жүрегінде мәңгілік орын алған рухани мұра. Бұл кеш – ән арқылы ұлт рухын оятатын ерекше сәттердің біріне айналды.