Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
04 Apr 2025

«Кітаппен - жарқын әлемге»

 

Отырар аудандық балалар кітапханасында 24-30 наурыз - Халықаралық балалар кітабының апталығы күніне орай «Кітаппен - жарқын әлемге» атты тақырыпта апталық өтті.

Апталық «Кітап – менің жақын досым» атты ашық есік күнінен бастау алып, екінші күні «Ертегілер бірге жиналғанда» /кітап таныстырылымы/, үшінші күні «Оқимыз. Ойлаймыз. Ойнаймыз» /көңілді ойындар күні/, келесі күні «Ғажайыптар еліне саяхат» /әдеби ойын/, соңында «Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы» /ертеңгілік/ атты тақырыптарда іс – шаралар ұйымдастырды.

Шара барысында балаларға арналған журналдар, қызықты кітаптар, қиял-ғажайып ертегілер таныстырылды.

Кітапханашылар жас оқырмандарға кітап оқудың маңыздылығы жайлы тоқтала келіп, кітапхана жұмысымен, ережелерімен, кітап қорымен таныстырды. Балалар кітап жайлы тақпақтар айтты, жасырылған жұмбақтарды шешті.

Сонымен қатар ертегі желісімен көрініс қойып, қызықты ойындар да ойнатылып, түрлі әдеби сұрақтар қойылды.

https://www.facebook.com/reel/1382181243044328