Отырар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өтетін апталықтың бірінші күнінде “Отбасы - бақыт мекені” атты ой-бөліс кеші болып өтті. Шараға Жүсіпбаев және Әбдірайымовтар отбасы қатысты.
Кешті кітапханашы Г.Мустафаева жүргізді. Іс-шара отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушы отбасылар өз шаңырақтары жайлы таныстырып, пікірлерімен бөлісті. Балалар ата-аналарына арнап жүрекжарды тілектері мен өлең жолдарын оқыды. Ата-аналар кештен ерекше әсер алды. Кітапханашы қатысқан отбасыларға өз алғысын білдірді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.