Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
14 May 2025

“Мархабат оқулары”

 

📌 Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Мархабат Байғұтқа 80 жыл» жобасының жетекшісі, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Елшібай және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының иегері, Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай “Мархабат оқулары” облыстық байқауы өткізілді.

🏆Байқау қатысушылары 4 кезең бойынша сайысқа түсті.

Нәтижесінде Отырар аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапханасының оқырманы ТҰРДАЛЫ СЫМБАТ жазушы шығармаларынан шығармашылық жұмыс кезеңі бойынша өз қатарластарынан оза шауып, жүлделі І орынды иеленді.

💐Сымбат, марапатың құтты болсын!

Әрдайым биіктен көріне бер!