Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
17 Mar 2025

«Автормен бірге кітап оқу»

 

Наурызнама онкүндігінің аясында «Автормен бірге кітап оқу» жоспарына орай жазушы, өлкетанушы, тарихшы, Отырар ауданының Құрметті азаматы Бекжан Бейсенбай және ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Раушан Мұратованың қатысуымен «Кітап оқу – руханияттың бастауы» атты кездесу кеші болып өтті.

Бұл шараның мақсаты – өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол туындыларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын , еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шара барысында Бекжан Кәленұлының «Атланттар туралы аңыз бен ақиқат» және Раушан Оразбайқызының «Сезім пернелері» кітаптарының мазмұнына тоқталып, тақырып аясында кеңінен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары «Сезім пернелері» кітабынан өлеңдер оқыды және авторларға шығармалары туралы сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды. Сондай-ақ кітапхана директоры Роза Пернебаева сөз сөйлеп, қонақтарға алғысын білдірді.

Тәрбиелік мәні зор шара кітапхана қызметкерлерінің кеш қонақтарына деген ізгі тілектерімен қорытындыланды.