Аудандық «Отырар» кітапханасында «Дін бірлігі – ұлт бірлігі» тақырыбында Түркістан облысы Дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы маманы Жорабек Жалғас Мұхтарұлы мен Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сарсеков Ғалымжан Рысқұлұлының арнайы қатысуымен пікір алмасу кеші болып өтті. Шара барысында бірінші кезекте теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалынан халықты, ең алдымен, өскелең ұрпақ – жастарды қорғау міндеті тұрғаны айтылды.
Жастардың діни сауатына мән беру, олардың діни тәрбие мен діни білім алу қажеттілігін қанағаттандыру мәселесі – стратегиялық тұрғыдан да аса маңызды екені түсіндірілді.
Дәстүрлі дін бейбітшілікке, бірлікке үндейді, оның мақсаты адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару. Біз мемлекеттің зайырлы, дәстүрлі, діни құндылықтарын сақтауға тиіспіз – деген тілекпен шараны қорытындылады.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.