Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толғанда одан көп жасаудың сырын сұрағандарға былай депті: «Мен жұрттар сияқты 100 жас сұрамаймын. Қанағатшылмын. Әр жыл сайын Алладан 1 жас ғұмыр сұраймын. Алла жәй-жәй сұрағандарға жыл сайын жәй-жәй жастан беріп тұрады екен ғой»-деген екен.
Әбдіжәміл Нұрпейісов 2022 жылы 5 ақпанда 97 жасында дүниеден озды. Оның әдеби мұрасы қазақ әдебиетінде мәңгілік орын алды. Жазушының шығармалары мен естеліктері қазақ халқының рухани байлығына қосылған қомақты үлес болып қала береді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.