Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, «Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ» тақырыбында тұлғатану сағаты өткізілді.
Шара барысында кітапханашылар оқушыларға Ұлы Отан соғысы кезінде рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың ғұмырнамасы, майданда көрсеткен ерліктері, марапаттары және соғыстан кейінгі өмірі жайлы сыр шертті.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.