Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
06 Nov 2024

ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН


p>Кітап – біздің өткенімізді бүгінге, бүгінімізді ертеңге жеткізетін қасиетті құрал. Яғни, біз бүкіл әлемді кітап арқылы танып, білеміз. Кітаптың құндылығы жайында Хакім Абай «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» деп бекер айтпаған.

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасымен әлем әдебиетінің шығармалары мен ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау мақсатында қолға алынған «Әлемді кітап арқылы танимын» атты үздік оқырман отбасылар арасында өткізілген байқаудың қорытынды кезеңі ауданымыздаболып өтті. Кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырудан бастау алған бұл байқауды аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы мен Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Байжигитова Шахмира Шаматаевна алғы сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әр ауданнан қатысқан 17 үміткер «Менің отбасым және кітапхана» (бейнеролик), «Балалық шаққа саяхат» («Менің атым Қожа» шығармасынан сахналық көрініс), «Зияткерлер алаңы» (сұрақ-жауап) кезеңдері бойынша кітап оқуды насихаттап, тақырып аясында өнерлерін көрсете келе, сұрақтарға жауап берді.

Сарапшылардың шешімі бойынша Ходжанова Ұлжан (Кентау қаласы) ІІІ орын, Әбдіжаппар Саян (Төлеби ауданы) ІІ орын, Өмірхан Абдулла (Отырар ауданы) І орын марапатталса, Нұрдәулет Айсара (Сарыағаш ауданы) Бас жүлдені иеленді. Басқа қатысушы үміткерлер ынталандыру сыйлықтарымен және алғыс хаттармен марапатталды.