Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде сазгер 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды.
Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.
Бүгін кешкі сағат 19:00 -де Шәмші ауылында “Әнім сен едің” атты гала- концерт өтеді.
Концертке Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері, “Менің Қазақстаным”ән байқауының әр жылғы лауреаттары қатысады. Шәмші Қалдаяқовтың ғажайып әндерін бірге шырқауға шақырамыз!
«Халқым барда – менің әндерім де бар» деген Шәмші тойы ешқашан тарқамасын!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.