Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
20 Aug 2024

#Аудандық_байқау #Зере_әженің_ізімен


Жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте бастан түсінген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі болса, бала – өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Ал, жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеп, әже тәрбиесін үлгі етіп, ұлттық тәрбие беру - баршамыздың міндетіміз.

Бала тәрбиесі тал бесіктен басталатыны анық. Қазақ отбасында қашаннан ер азығы түзде болғандықтан, бала тәрбиесімен әйел адамы айналысқан. Соның бір көрінісі - Зере әжеміз бен Ұлжан анамыз. Осыған орай бүгін Абай күнінің қорытындысы аясында қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу, әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану, насихаттау мақсатында бүгін аудандық орталық кітапхана және аудандық әжелер алқасының ұйымдастыруымен «ЗЕРЕ ӘЖЕНІҢ ІЗІМЕН» атты аудандық әжелер байқауы өткізілді.

Байқау ІY кезең бойынша өтті:

І кезең: «Мен әжемін ұрпағын әлдилеген» - /өзін таныстыру/

ІІ кезең: «Салтын сыйлаған ел озар» - /салт-дәстүрден көрініс көрсету/

ІІІ кезең: «Шебердің қолы алтын» — /өз қолымен бұйымдар жасау /

ІV кезең: «Сыр сандық»/Абай Құнанбайұлы туралы сұрақтарға жауап беру немерелерімен бірге/.

Байқауға әр ауыл округтерінен 8 үміткер әжелер немерелерімен бірге қатысып, байқау ережесі бойынша төрт кезеңде де өз қарым-қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Әжелеріміздің өнерін бағалап, баға беріп, қазылық жасаған әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Талапты ауыл округінен Асан Гүлзейнет Бас жүлде иеленсе, Балтакөлдік Төлеш Мәрзия І орын, Маяқұм ауылынан Арынова Мәриям ІІ орын, Қарғалы ауылының тұрғыны Полатова Сәуле мен Шойманов ауылынан келген Тұрсынбекова Күлдан ІІІ орындарды иеленді. Жеңімпаздар мен басқа да үміткерлерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Әжелерімізге алғыс білдіре келе, бала бойына ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды сіңіре отырып тәрбиелейтін Зередей дана, өнегелі аналарымыз көп болсын дейміз.