Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
19 Jul 2024

«Жүзден жүйрік»


Аудандық орталық кітапханада оқырмандардың кітап оқуға деген ынтасы мен зейінін арттыру, жастарды кітапханаға көптеп тарту мақсатында, «Оқитын Отырар» жобасы аясында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов алғы сөзбен ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс шартына сай оқырмандар «Ойлы болсаң озып көр», «Кім тапқыр?» кезеңдері бойынша сайысқа түсіп, өзара ұпай жинап жарысты. Сайыскерлер арнайы дайындалған ұяшықтарды таңдап, салт-дәстүр, қызықты сұрақтар, дүниетаным, көркем шығармалар және туған өлке тарихы туралы сұрақтарға жауап берді.

Үш айналымда сұрақтарға нақты жауап беріп, ең көп ұпай жинаған Нұрсұлтан Бекешов 1 орын иеленіп жеңімпаз атанса, Гүлім Мықтыбекова ІІ орын, Дінмұхамед Абай ІІІ орын иеленді. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.