Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Jul 2024

БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Отырар аудандық балалар кітапханасында «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Зейінді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында балалар арасында өткен аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпаздарымен кездесу болып өтті.

«Кіл мықтыларымыз кімдер» дейсіздер ғой?! Бұлар - «Ер Тарғын» жырын мәнерлеп жатқа айтудан облыстық байқаудың жеңімпаздары, атап айтқанда Бас жүлде иегері Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 4 - сынып оқушысы Берік Кәусар мен ІІ орын иегері Ш.Қалдаяқов мектеп-лицейінің 7 - сынып оқушысы Зайнидинов Нұрбақыт, сондай-ақ «Мұңлық-Зарлық» жырын жатқа айтудан І орын иегері М.Әуезов жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы Бабахан Кәусар. Бұл кездесуге олар өз ата-аналарымен, жетекшілерімен, құрбыларымен қатысты.

Кездесу жеңімпаздарға құрмет ретінде кітапхананың кішкентай оқырманы Айым қызымыздың «Біз бақытты баламыз» әнімен ашылды.

Кейіпкерлеріміздің өз құрбыларымен кездесуі ашық сыр-сұхбатқа айналды. Өз әңгімелерінің барысында жеңімпаздарымыз аудандық, облыстық бәйгелерде жеткен жетістіктер - ата-аналарымен, жетекшілерімен бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесі екендігі айтылды. Иә, мұндай жеңістер ең бірінші ата-ана үшін мәртебе!

Түрлі байқауларға қатысу – ол біздің балаларымыз үшін өзін-өзі шыңдау, өзін-өзі байқау, әрбір сыннан сабақ алу деп түсінуіміз керек.

Әрбір бала үшін қазақтың халық ауыз әдебиетінен жеткен қисса-дастандарды жатқа айта білу – бұл өз ана тілінің уызына жарып өсуіне әкелетін ұлы жол.

Иә, бұл ретте біз «Оқырманның жеңісі – кітапханашының жемісі» демекші, талантты балаларымызбен, Отырардың отты өрендерімен мақтана берейік!