Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
27 Jun 2024

«Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес»

Қоғам ауылдық кітапханасында «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» тақырыбында пікір алмасу кеші өткізілді.

Кеш барысында жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беріліп, әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы әңгіме өрбіді.

Жастар орталығының теолог маманы Назира Сауытбаева «Елімізде терроризмге қарсы іс-шаралар жеткілікті межеде жүргізіліп келеді. Дегенмен де, қазіргі таңда терроризмнің қаупі артуына байланысты жастар, жасөспірімдер арасында жиі үгіт -насихат жұмыстарын жүргізу қажет деп ойлаймын», - деп мол мағлұматтар беріп өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанда терроризмге қарсы іс-шаралар жеткілікті жүргізіледі ме? Қандай ұсыныс айтар едіңіз? - т.б. сұрақтар бойынша жауап берілді.

Шара соңында арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалды.