Бүгін обылыстық "Фараб" кітапханасының ұйымдастыруымен көпшілік кітапханалардың кадрлық әлеуетін дамыту, ер азамат кітапханашы мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен шеберлігін арттыруға жәрдемдесу, кітапхана саласына ер азаматтарды тарту, шығармашылық бастаманы дамыту және жас кітапханашыларды ынталандыру мақсатында "Азамат кітапханашы" байқауы болып өтті.Байқау шарты бойынша азамат кітапханашылар «Кітап менің әлемім» тақырыбында кітапханашы өзін және 1 күндік жұмыс күнімен бейне ролик, слайд арқылы таныстыру,кітапханалық біліктілікті арттыру бағытындағы тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беру және түрлі тақырыпта кітап көрмелерін шығарып, көпшілікке таныстыру, ой жылдамдығын анықтайтын тапсырмалар орындау бойынша сынға түсті. Сегіз ауданнан бәйгеге түскен азамат кітапханашылар арасынан оқ бойы оза шапқан Отырарлық Таменов Жасұлан 1-орынды қанжығасына байлады. Өз ісінің маманы әріптесіміз Жасұланды жеңісімен құттықтаймыз!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.