Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ішкі саясат, кәсіпкерлік, Шәуілдір ауыл округі әкімдігі, мәдениет бөлімінің бас мамандарының қатысуымен «Жарнама - тіл тазалығының көрінісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының орындалуы бойынша көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығын, эстетикалық безендірілуі деңгейін көтеру және грамматикалық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сәрсеков Ғалымжан сөз сөйледі. Сөз барысында тіл – ұлт рухы. Оның аясын кеңейтіп, әрі қарай дамытудың басты шарттарының бірі – тіл тазалығын сақтау. Көрнекі ақпарат, жарнама жазулар жаңалықтың негізгі жаршысы болуымен қатар насихат пен тәрбие құралы, сондықтан жарнама тілін реттеуді қоғам болып қолға алуымыз қажет. Көрнекі ақпарат, жарнама – тілді қалыптастырушы негізгі құрал және жаһандағы жағымды жаңалықтың жаршысы. Ендеше, жалт еткен жарнамаға жайбарақаттықпен қарамайық, оның тілінің талапқа сай болуына мүдделілік танытайық - деп атап өтті. Жиын барысында орталықтың инспекторы Дүйсенбаева Назира баяндама оқып, акцияға шығу нәтижесі видеоролик арқылы көрсетілді. Пікір алмасу барысында сұрақтар қойылып, тиісті мамандар жауап беріп, ұсыныстар айтылды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.