Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
22 May 2024

Әл фараби байқау

Әбу Нәсір әл – Фарабидің туған жері Отырар – әуел бастан-ақ өнер мен ғылымның Меккесі болған. Бұл киелі топырақта қаншама дара тұлғалар дүниеге келген.

Аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесі, Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы және Руханият Әбу Нәсір әл – Фараби музейі бірлесуімен ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл – Фарабидің өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеуде жасөспірімдер арасында XІІI аудандық «Фараби оқулары» байқауы өтті.

«Екінші Аристотель» атанған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл-Фарабидің құрметіне өткен бұл байқауда үміткерлер «Ұлағаты мол ұлы ұстаз» - (Әбу Нәсір әл-Фарабидің кемінде 5 трактатын жатқа білуі тиіс. Біреуін оқиды. Уақыт:5 минуттан аспауы керек), «Баба еңбегі – ұрпаққа мұра» - (Әбу Нәсір әл – Фарабидің бір еңбегіне тоқталу, зерделеп, талдап, мазмұнын жеткізу, 3-4 минуттан уақыт беріледі), «Ойлы болсаң, озып көр!» - (Әбу Нәсір әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру) деген үш кезең бойынша сайысқа түсті.

«Өз еліне жарық өмір іздеуші адамзат білімде ғана» - деп білім жолын жоғары қойған дана жерлесіміздің құрметіне өткізілген бүгінгі байқаудың нәтижесі бойынша Темір ауыл округінен қатысқан Егембердиева Балжан бас жүлдені жеңіп алды. Ал Қарғалы ауыл округінен келген Төлен Нұргүл І орынды, Шілік ауыл округінен Сейдаз Ақгүлім ІІ орынды иеленсе, Талапты ауыл округінен қатысушы Молдалиева Жанат жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Қалған қатысушылар да ынталандыру сыйлығымен, алғыс хаттармен марапатталды.

«Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, баба еңбегін бүгінгі ұрпақ оқып, зерделеп, талдап келесі ұрпаққа аманаттап жатқанының өзі үлкен жұмыс десек болады.

Оқыған – тоқыған білімдеріңіз болашақта жолдарыңызға жарық сәуле болып дари берсін, оқырман жастар!