Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
03 Apr 2024

Құрметті Ұлзат Әуелбекқызы!

Сіздің бүгінгі қуанышты сәтіңіз – туған күніңіз құтты болсын! Жас та болсаңыз, өзіңіздің еңбек етіп жүрген салаңызда тындырымды істеріңізбен білікті маман ретінде танылып келесіз!

Осы айтулы сәтте Сізге келешекте мамандығыңыздың үздік шебері атанып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз! Өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос-жолдастарыңа қадірлі, әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

ҚҰТТЫ БОЛСЫН ТУҒАН КҮН!

Құтты болсын отыз жас,
Келіп жеткен бүгінгі.
Қуанышта, шаттықта,
Өткізе бер күніңді.

Орда бұзар отыз жас,
Бар жақсысын сыйласын.
Бар әлемнің жақұтын,
Бір өзіңе жинасын.

Мықты болып саулығың,
Көңілде мұң болмасын.
Жаратқаным лайым,
Әрқашанда қолдасын.

Бар жақсыны тілейміз,
Аппақ тілек, жүрекпен.
Өмір -теңіз айдыны,
Тоқтамасын кемеңіз.

Ізгі тілекпен: Отырар аудандық балалар кітапханасы