Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық «Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат» атты эпостық жырлар мен қисса дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балаларға арналған аудандық іріктеу байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты: қазақ халқының сан ғасырлар бойы бастан кешкен тарихын, батырлардың ерлігін, қазақ ауыз әдебиетінің аңыздық, тарихи, эпостық жырларын дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухта тәрбиелеу, ізденісі мен ой-өрісін дамыту және жаңа қазақстандық патриотизмге баулып, тәрбиелейтін ұлттық шығармаларды халық арасында кеңінен насихаттау.
Байқауға жалпы 22 үміткер қатысып, ереже талаптарына сай «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» және «Мұңлық Зарлық» жырларын жатқа айтып, шығармашылық жетістіктерін жоғарғы деңгейде көрсете білді.
Қазылар алқасының шешімімен, «АЛПАМЫС БАТЫР» жыры бойынша:
І орын - Ж.Егембердиев шағын жинақты негізгі орта мектебі, 8 сынып оқушысы Назымхан Мұрагер.
ІІ орын – Т.Ибрагимов жалпы орта мектебі,7 сынып оқушысы Бейсенбек Ұлдана.
ІІІ орын – С. Құртаев жалпы орта мектебі, 5 сынып оқушысы Сұлтан Серікжан.
«ЕР ТАРҒЫН» жыры бойынша:
І орын - Жамбыл мектеп – лицейі, 4 сынып оқушысы Берік Кәусар.
ІІ орын - Ш.Қалдаяқов мектеп – гимназиясы, 8 сынып оқушысы Зайнидинов Нұрбақыт.
ІІІ орын - Темір жалпы орта мектебі, 8 сынып оқушысы Еділ Жанерке.
«МҰҢЛЫҚ - ЗАРЛЫҚ» жыры бойынша:
І орын - М.Әуезов жалпы орта мектебі, 8 сынып оқушысы Бабахан Кәусар.
ІІ орын - Абай жалпы орта мектебі, 6 сынып оқушысы Жалғасбай Асанәлі.
ІІІ орын - Дәрібаев жалпы орта мектебі, 8 сынып оқушысы Әбілда Қарақатқа бұйырды.
Сонымен қатар, барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.