Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
10 Feb 2024

«Сәкеннің сөнбес сәулесі»

Биыл жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәкен Жүнісовтің туғанына - 90 жыл.

Сәкен Жүнісов - драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері, жан-жақты, парасатты, өнердің әрбір саласынан өзін танытқан тұлға.

Туған халқы талантты перзентін сан қырлы өнері үшін Сәкен сері атап, аялап еркелетті. Оның озық туындылары халқының рухани қазынасына айналып, болашақ ұрпақтармен бірге жасай береді.

Осы орайда  Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, драматург Сәкен Жүнісовтің туылғанына 90 жыл толуына орай «Сәкеннің сөнбес сәулесі» атты тақырыпта тұлғатану сағаты өткізілді.

Іс -шараға Шәмші Қалдаяқов мектеп - гимназиясының оқушылары қатысып, шығармаларынан үзінділер оқыды.