Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
25 Jan 2024

#Мерейгер_жазушылар2024

Қазақтың қатар жайқалып өскен үш бәйтерегі – Сәкен, Ілияс, Бейімбет. Олар туралы:

«Үш бәйтерек бір жыл туып, бір жыл өткен,
Зарлатып әйел - бала бірге кеткен.
Оларға «халық жауы» атақ тағып,
Түбіне үшеуінің бір күн жеткен», – дейді Тілеген Жұматов.

Биыл туғанына 130 жыл толып отырған үш бәйтерек бір жылда туып, бір жылда «халық жауы» атанып, атылып кеткен. Үшеуі де қазақ әдебиетіне айрықша үлес қосқан тұлғалар. Сөз өнерінде тыңнан түрен салған таланттар.

Отырар аудандық балалар кітапханасында қазақ әдебиетінің алыптары - Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің шығармаларына библиографиялық шолу жасалып, өмір жолдары мен шығармашылықтары терең түсіндіріліп, елін сүйген қайраткерлердің еңбектері оқушыларға таныстырылды.