Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр. «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Отырар ауданындағы №1 спорт мектебінің ұжымы спорт мектебінің ғимараты аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында ғимарат ауласындағы арық-атыздарды шөп-шаламнан, айналма жолдарды жапырақтардан тазартып, ағаштарды ақтап, ретке келтірді.
Сонымен қатар, Шәуілдір ауылындағы мәдениет үйінің аумағына тазылық жұмыстары ұйымдастырлып, «Ардагерлер» саябағына 400 ге жуық түрлі-түсті гүлдердің жаңа түрлері отырғызылуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясындағы жұмыстар алдағы күндері өз жалғасатын табатын болады.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.