Бүгін, 14 наурыз - Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адм үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп айту керек.
Көрісу күніне ешкім арнайы шақырылмайды, жайылған дастархан жасалмайды.
Көрісу күнінде өкпе-ренішті ұмытып, татуласады. Бұл күні ешкім ешкімге ренжімей, жайдары жүреді.
Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.