Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
22 Feb 2024

«Кітапханалардағы жоспарлау және есеп беру, ол – уақыт талабы»


Аудандық орталық кітапханада кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ауылдық кітапхана меңгерушілерінің арасында «Кітапханалардағы жоспарлау және есеп беру, ол – уақыт талабы» атты зерделі кеңес өткізілді.

Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Р.Пернебаева кеңестің «Жоспарлау және есеп беру әдісінің маркетингтік ерекшелігі» бөлімінде 2024 жылға жасалған жылдық жоспар мен қорытынды есепті талдады. Сонымен қатар кітапханашыларға көпшілік жұмыстарды жаңа формаларда өткізу, жұмысқа қатысты талап, тапсырмаларды уақытылы орындау тапсырылды. Библиограф Р.Мақтабекова каталогтар мен картотекалардың біртұтас жүйесін жетілдіру, редауциялау жұмыстарына кеңінен тоқталып, өз ұсыныстарын айтып өтті.

«Заманауи кітапхананың ақпараттық ресурстарының электрондық қызметтері» тақырыбында кітапханашы Ж.Серікқызы оқырмандарды кітапханаға электронды тіркеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, көзі әлсіз көретін оқырмандар кітапханашысы Ф.Сихымбаева «Мен әлемді саусақ ұшымен танимын» атты тақырыпта мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға Брайль жүйесі бойынша бедерлі әріптермен кітап оқытуға кеңес берді.