Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
05 Dec 2023

Кітапхананы дамыту бөлімінің негізгі бағыттары

Кітапхананы  дамыту  бөлімінің  негізгі  бағыттары

1.   Кітапхана пайдаланушыларының  сұранымын  кең  көлемде  қанағаттандыруға  мүмкіндік  беретін, яғни олардың  қажет  ақпаратты  пайдалануында  жаңа  әдістер  қолдануды  игеруде  әдістемелік  және тәжірибелік көмек  көрсету.

2.    Өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық жағдайда кітапхана жұмысын бағдарлауға, маркетинг негізінде басымдылық бағыттарды дамытуға мүмкіндік туғызу.

      3.   Кітапхананың тартымды бейнесін қалыптастыруда, кітапхананың дамуына көмек көрсете алатын құрылымдар, қорлар, ұйымдардың назарын аударуда іс-шаралар ұйымдастыру.

 

 НЕГІЗГІ  МІНДЕТТЕРІ:

1.  Орталықтандырылған  кітапхана  жүйесіне   қарасты  кітапханаларға  әдістемелік, кеңестік, тәжірибелік  көмек  көрсету

2.  Кітапхана қызметіне ең жаңа жетістіктерді, озық тәжірибені, нәтижелерді зерттеу, түсіндіріп  тарату және енгізу.

3.  Кітапханашылардың  біліктілігін  арттыру  мақсатында  зерделі  кеңестер, тренингтер,  шеберлік  сыныптар, дөңгелек  үстелдер, кәсіби  байқаулар  ұйымдастыру.

4. Кітапхана ісінің дамуына үздіксіз  жүйелі  талдау  жасау,  қорыту, зерттеу.

5. Кітапханашыларға дер кезінде  әдістемелік  көмек  беріп, маманның  шығармашылық  дамуына  бағыт-бағдар беру.

 

 

                Кәсіби  байқау

            Кітапхананы  дамыту  бөлімінің  ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада өзі таңдаған мамандыққа құрметпен қарап, кітапхана саласының кәсіби құндылықтарын сақтауда, оқырманның кітап оқуға деген қабілетін дамытуда еңбек етіп жүрген ауылдық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Ең үздік ауылдық кітапханашы» атты аудандық  кәсіби байқау өткізілді. Байқау кітапхана саласының кәсіби құндылықтарын сақтауға жәрдемдесу, кітапханашылардың кәсіби шеберлігін дамыту және ынталандыру, олардың инновациялық жұмыстарынан ұтымды идеялардың ең үздігін таңдау және өзара іс-тәжірибе алмасуын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

            Байқауға қатысқан әріптестеріміз байқау ережесіне сай өздері оқыған көркем әдебиеттен алған рухани әсерін көпшілікке көркем тілмен жеткізіп, кітапханаға оқырман тартудағы тың идеяларымен бөлісті. Сондай-ақ, кәсіби бағыттағы сұрақтарға жауап берумен қатар, «Мен жатқа оқитын бір өлең» кезеңінде өздері сүйіп оқитын ақындардың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Байқау барысында өз қабілеттері мен кәсіби біліктіліктерін жоғары дәрежеде көрсете білген кітапханашылар арнайы сарапшылардың шешімі бойынша өз бағаларын алып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.