Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 Nov 2023

Имансары Белгібайұлының өнегелі өмірі мен еселі  еңбектерін  бүгінгі ұрпаққа таныстыру, дәріптеу мақсатында осы кітапты оқуға шақырамыз!

Ұйқысыз өткен түндер бар, Сарғайып атқан таңдар бар"

Үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсету – халқымыздың рухани дүниесінің айнымас бір бөлшегі екені  анық. Осы орайда отырарлық дара тұлғалардың ізін жалғастырған ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері, Түркістан облысына қарасты бірнеше  аудандарда қызмет етіп, абырой биігінен көріне білген, Отырар ауданының Құрметті азаматы атанған  Белгібаев Имансары Айтбайұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Отырар» кітапханасында «Ұйқысыз өткен түндер бар, Сарғайып атқан таңдар бар» атты  жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді.   

Кітапхана қызметкері Мадина Шәріпбекова шараның  мәні мен мақсатына тоқталып:  «Халқымызда  «тұсаукесер» деген салт бар. Әрбір нәресте өмірге келген соң тәй-тәй баса бастаған кезде, ырымдап әрбір басқан қадамы нық болсын деп, жақсы адамдарға тұсауын кестірген. Сол секілді өмірге жаңадан келген кітапта да «тұсаукесер» рәсімі  бар.  Кітап та өмірге келу үшін жазатын адамның кеудесінде өседі, өнеді. Әбден пісіп жетілгенде қағаз бетіне түсіп, кітап болып шығады» - дей келе,  баспадан кеше ғана шықан, сиясы әлі кеппеген жаңа кітаптың тұсауын кесу үшін қонақтарға сөз кезегін берді. 

Шара барысында көпшіліктің құрметіне бөленген ұлағатты  тұлға Имансары Айтбайұлының көз көрген замандастары мен  ұрпақтары ол кісі туралы әсерлі әңгімелер айтып, тебірене сыр шертумен қатар, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі туралы сөз қозғап, өз естеліктерін бөлісті. Кітапты құрастырған  Бауыржан Имансарыұлы мен зейнеткер ұстаз Мәрия Имансарықызы кешті қорытындылай келе,  «Отырар» кітапханасына  аталмыш кітапты сыйға тартып, кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.