Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
05 Feb 2026

«Кітапханашының кәсіби құзыреттілігі: жаңа талаптар және жаңа мүмкіндіктер»

«Отырар» кітапханасында Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ауылдық кітапхана меңгерушілері арасында «Кітапханашының кәсіби құзыреттілігі: жаңа талаптар және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында зерделі кеңес болып өтті.

Іс-шараның мақсаты – кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, жұмыс жоспарлау мен есеп беру жүйесін жетілдіру, библиографиялық қызметтің даму бағыттарын талқылау және тәжірибе алмасу болды.

Зерделі кеңес кітапхана директоры Р. Пернебаеваның кіріспе сөзімен ашылды.

Келесі бөлімде әдіскер Г.Даулетова «Кітапхана жұмысын жоспарлау және есеп беру» тақырыбында баяндама жасап, 2025 жылғы атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіп, 2026 жылға арналған жоспарлармен таныстырды.

Сонымен қатар, Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.Шәріпбекова «Жыл мерейгерлері – 2026» атты кітап көрмесіне шолу жасап, жыл бойы өткізілетін мәдени-ағартушылық шараларға тоқталды.

Негізгі бөлімде Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Р.Мақтабекова библиографиялық қызметтегі кемшіліктер мен даму бағыттары бойынша мақалаларға талдау жасап, қатысушылармен «Библиограф – бағыттаушы» атты іскерлік ойын өткізді.

Зерделі кеңес соңында Шытты ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Сұлтанбек ұйымдастырған «Ғасыр ақынына тағзым» атты поэзиялық слэмі өтті. Іс-шара Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналды.

Қорытындылай айтқанда зерделі кеңес жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби білімдерін толықтырды.