Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Feb 2026

Бүгін Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппараты және Отырар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күрес - әр азаматтың борышы» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында Отырар ауданы әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Әмірбеков Асхат Тасболатұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен құқықтық талаптар туралы егжей-тегжейлі баяндаса, кітапхана қызметкері Г.Әбзейтова жемқорлықтан алыс болудың маңыздылығын, адалдық пен адамгершілік тәрбиесі туралы мазмұнды баяндама жасады. Алқалы жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Ашим Елеусизов қорытындылап, мемлекеттік қызметтегі ашықтықты сақтау және жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті екенін атап өтті.

#Отырар

#ЖемқорлыққаЖолЖоқ

#Адалдық

#ЗаңЖәнеТәртіп

#ОтырарАуданы