Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 Dec 2025

Инновацияға, цифрландыруға

Қазақстан жастарының білімге, инновацияға, цифрландыруға, жасанды интеллект пен робототехника саласына қызығушылығын арттыру, оқушылардың инженерлік жобаларын насихаттау, жаңашыл ой-идеяларын қолдау мақсатында аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесінің кітапханашылары мен №1 жайлы мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен «Қазақстан жастары: Білімнен инновацияға дейін» тақырыбында ашық әңгіме алаңы болып өтті.

📚Шара барысында кітапханашы Д.Шерехан іс-шараның маңызын атап өтіп, жастардың білім, инновация, цифрландыру бағыттарындағы рөлін таныстыратын баяндама жасады. Робототехника және информатика пәні мұғалімдері «Жаңа Қазақстан» құндылықтары мен әлемдегі технологиялық өзгерістер туралы өз ойларымен бөлісті. Үйірме оқушылары өз қолдарымен құрастырған робот үлгілерін, инженерлік құрылғыларды, автоматтандыруға арналған шағын жобаларын таныстырып, жұмыс принципін түсіндірді.

📚Оқушылардың жобалары ғылымға, техникаға деген қызығушылығының нақты көрінісі ретінде бағаланды.Іс-шара барысында инновация туралы түсінік, оның қоғамды, білімді, технологияны дамытудағы маңызы кеңінен ашылып көрсетілді.