Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
26 Jan 2026

«Ұшқан ұя»

Бүгін аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Д. Құрманбеков атындағы колледж студенттерінің қатысуымен қазақтың даңқты ұлы, «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұшқан ұя» шығармасынан кітап талдау кеші өтті.

Тағылымды шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Бауыржан Момышұлының өмір жолын, рухани мұрасын таныту, отбасылық тәрбие мен ұлттық құндылықтардың маңызын насихаттау, студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру болды.

Кеш барысында қатысушылар «Ұшқан ұя» шығармасындағы отбасы тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүр, ата-ана өнегесі, адамгершілік пен патриоттық рух тақырыптарына терең талдау жасады. Студенттер шығарма кейіпкерлері туралы ой бөлісіп, өз пікірлерін еркін жеткізді.

Іс-шара барысында Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер айтылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап талдау кеші студенттерге рухани азық беріп, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды.