Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
09 Nov 2025

«Есімі аңызға айналған ұстаз»

 

Ауданымызда Отырар өңірінің мақтанышы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Отырар ауданының Құрметті азаматы, отыз жылға жуық аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған ұлағатты ұстаз Құтым Ордабаевтың туғанына биыл 100 жыл толуына орай «Есімі аңызға айналған ұстаз» атты танымдық конференция болып өтті. Конференция барысында «Отырар» кітапханасы «Құт дарыған өлкенің Құтымы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көпшілік назарына ұсынды.

Көрменің басты мақсаты – ұстаздың өмір жолы мен еңбегін насихаттау, жас ұрпаққа оның өнегелі өмірін үлгі ету, сондай-ақ білім мен кітаптың қоғамдағы рөлін айшықтау болды.

Көрме сөрелерінен Құтым Ордабаевтың өмірі мен педагогикалық қызметі туралы мақалалар, фотосуреттер, шәкірттердің естеліктері және оның ұстаздық мұратын дәріптейтін басылымдар орын алды. Сонымен қатар ұстаздың қызмет еткен кезеңіндегі білім беру ісінің тарихын көрсететін кітаптар мен деректі материалдар да көрмеге қойылды.

Кітапхана қызметкерлері келушілерге ұстаздың өмірбаянын, еңбектегі жетістіктерін, оның ұлт болашағына қосқан үлесін кеңінен таныстырып өтті. Келген қонақтар көрмеден ұлағатты тұлғаның өмірінен рухани әсер алып, оның адамдық болмысынан өнеге алды