Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
24 Oct 2025

24 қазан Кітапханашылар күні

 

Құттықтаймыз!

Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасында 24 қазан - Кітапханашылар күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Шарада руханият пен мәдениетке адал қызмет етіп, кітапхана саласының жандануына орасан еңбек сіңіріп жүрген кітапханашылардың еңбегі ұлықталып, үздіктер марапатталды.

Отырар кітапханасы ұсынған "Отбасы. Кітап. Кітапхана" отбасылық оқу жобасы - "Үздік аудандық жоба" , ал, Қоғам ауылдық модельді кітапханасы - "Үздік ауылдық кітапхана" деп танылды. Сондай-ақ, Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Г.Дәулетова "Қазақстанның Құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен, кітапханашы Ш.Жанпейісова Түркістан облыстық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.