Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 Sep 2025

«Нашақорлыққа қарсы алғашқы қадам: ақпарат және түсінік»

 

Аудандық орталық кітапханада «Нашақорлыққа қарсы алғашқы қадам: ақпарат және түсінік» тақырыбында тренинг сағаты өткізілді. Іс – шараны жүргізуші кітапханашы Ж.Серікқызы тақырыптың маңыздылығы, мақсаты турасында айтып түсіндірді. Кітапханашы Г.Әбзейтова тақырыптық баяндама жасады. Отырар АПБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны Р.Әсетілла есірткіні пайдаланып, оның кесірінен тапқан, өмір бойы құтыла алмас, сауықпас дертті жамап алған жандар туралы толықтай мағлұматтар беріп өтті. Деректер слайд арқылы көрсетілді. Кеш барысында жастардың жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстау керектігі, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі туралы баса айтылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ғ.Сәрсеков өз ой – пікірін білдіріп, жастарды жақсы өмір сүруге шақырды. Іс – шара соңы «Денсаулық – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесін көпшілікке таныстырумен тәмәмдалды.