Абай мұрасы – ұрпаққа аманат" атты мәнерлеп оқу сағаты
2025 жылғы 8 тамыз күні Балтакөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің және қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай "Абай мұрасы – ұрпаққа аманат" атты шығармаларын мәнерлеп оқу сағаты өтті.
Іс-шара барысында Балтакөл ауылының тұрғындары мен кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздеріне шолу жасады. Мәдениет қызметкері Төлешов Әзім Абайдың «Желсіз түнде жарық -ай» әнін орындады.
Сонымен қатар, кітапханашы Н.Құлахметова оқырмандар назарына "Ұлы халықтың – ұлы Абайы" атты кітап көрмесін таныстырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, ақынның даналығы мен рухани асыл мұраларын насихаттау, өлеңдері мен әндерін мәнерлеп айтқызу арқылы оқырмандарды көркем сөйлеуге, ізденіске, ұлттық құндылықтарды бағалауға баулу болды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.