Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Jun 2025

Ұлттық домбыра күні

 

Ұлттық домбыра күні - қазақ халқының рухани өзегі, ғасырлар үнін бүгінге жеткізген қасиетті домбыра ұлықталатын ерекше күн. Осы айтулы күнге орай «Отырар» кітапханасында «Ұлттық өнердің мәңгілік дауысы» атты мерекелік кеш болып өтті.

Кешке қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, халық ақыны Әселхан Қалыбекованың немерелері, Қырғызстанда өткен «Қос қанат» халықаралық домбыра байқауында бас жүлдені жеңіп алған нағыз дарын иелері – Нұрболұлы Барысхан мен осы байқауда ІІ орын иеленген Нұрболқызы Айтұмар және ақын, суретші Мәлік Әділханның немересі – Қырғызстанда өткен «Қос қанат» халықаралық домбыра байқауында Супер Гран Приді жеңіп алған Әділхан Ханали және жетекшілері Құлтаева Қарлығаш пен домбыраны жастайынан жастанып өскен отбасылық домбырашылар, облыстық Фараб кітапханасының ұйымдастыруымен өткен отбасылық байқауының жеңімпаздары – Сапарбаевтар отбасы, Шойманов ауылдық мәдениет үйінің домбыра үйірмесінің жас домбырашылары арнайы қонақ болды.

Кеш барысында домбыраның шығу тарихына арналған бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар байқау жеңімпаздары «Ертұран», «Қоңыр», «Адай» күйлерін орындап, қырғыз елінде өткен байқау туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Кітапхана тарапынан қонақтарға арнайы сый-сыяпат жасалды.

Сапарбаевтар отбасы мерекеге орай жергілікті ақындардың әндерін орындап, кештің шырайын аша түсті.