Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
06 Jun 2025

«Отырар алқабы» газеті 90 жыл

 

📌Биыл ауданымыз үшін ерекше тарихи жыл! Отырар ауданының құрылғанына 90 жыл және аудан шежіресінің айнасы, өмірінің жаршысы — аудандық газетіміз «Отырар алқабы» газетінің шыға бастағанына да 90 жыл толып отыр. Осы қос мерейтой аясында ауданымыздың өткені мен бүгініне үңіліп, тарихи деректер мен әдеби шығармалар арқылы оның рухани болмысын көрсетуде, аудан тарихын тереңнен танытып, елге еңбегі сіңген тұлғаларды насихаттау, дәріптеу мақсатында аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Өткелдері - өнегелі, тұғыры биік басылым» атты тақырыпта «Отырар алқабы» газетінің тілшілерімен рухани тағылымға толы кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш арнайы жасақталған көрмені таныстырудан бастау алды.

📌Аудандық басылым — халықпен бірге жасасып келе жатқан рухани тірек, шынайы шежіре. 90 жыл ішінде газетіміз аудандағы өмірдің барлық сәттерін — қуанышын да, қиыншылығын да айна-қатесіз жеткізіп отырды. Бұл – бір ғана басылымның емес, күллі ауданның тарихы. Ол – елдің өткені мен бүгіні, ойы мен үні, мұңы мен арманы жазылған шежіре. Сарғайған парақтар – кешегі күннің көзі, бүгінгі ұрпаққа жеткен аманат. Бұл кеш сол ойды дәлелдеген тағылымды кеш болды.

📌Кешке «Отырар алқабы» газетінің қазіргі тілшілері, ардагер журналистер мен басылымға өмірінің үлкен бөлігін арнаған қалам иелері арнайы шақырылды. Олар баспасөздегі өмір жолдары, алғашқы мақалалары, ел есінде қалған қызықты оқиғаларымен бөлісті. Оқырмандар көкейде жүрген сұрақтарын қойып тұщымды жауаптар алды.

📌Кеш соңында газет ұжымына алғыс хаттар табысталып, қонақтарға естелік сыйлықтар берілді. Сондай-ақ рухани кеш аудан өнерпаздарының әсем әндерімен қорытындыланды.