Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
05 Jun 2025

«Нашақорлық – болашағыңа жасалған қастандық»

 

Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері арасында «Нашақорлық – болашағыңа жасалған қастандық» тақырыбында кеңес сағаты өткізілді. Іс – шараны жүргізуші кітапханашы Ж.Серікқызы тақырыптың маңыздылығы, мақсаты турасында айтып түсіндірді. Кітапханашы Г.Әбзейтова тақырыптық баяндама жасады. Кеш барысында жастардың жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстау керектігі, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі туралы баса айтылды. Іс – шара соңы «Денсаулық – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесін көпшілікке таныстырумен тәмәмдалды.